Бүгін Департамент бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы Жедел кеңес өткізіп, 1 айлық жұмыс нәтижесін қорытындылады. Жиынға департамент бастығының орынбасарлары, басқарма, бөлім басшылары және жеке құрам қатысты.
Жиында жыл басынан департаментпен атқарылған жұмыстың қорытындылары қаралды. 1 айдың ішінде құқық бұзушылықтар мен қылмыстар саны айтарлықтай төмендеді.
Бүгінгі Департамент бастығының төрағалығымен өткен кеңесте атқарылған жедел – қызметтік жұмыстың қорытындысы мен жеке құрам арасындағы тәртіптің, заңдылықтың жай – күйі талқыланды. Сондай – ақ, Ішкі істер министрінің қылмысқа қарсы күрес бойынша берілген тапсырмалары да кеңінен түсіндірілді.
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі профилактикалық жұмыстарды күшейтуді және осы бағытқа қоғамды жұмылдыруды, жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың жолын кесіп, жергілікті жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз етуді тапсырып, 2025 жылды «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялады.
Жалпы бүгінде полицияға артылған міндет те, жауапкершілік те жоғары. Осы тұста біз полицияның ең негізгі міндеті – жазалау емес, тұрғындардың қорғаны болу. Яғни қиын кезде халық полицияны көмекке келуші ретінде білуі тиіс.
Иә, қазір полиция қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойылып отыр. Халықпен бетпе-бет жұмыс істейтін болғандықтан тәртіп сақшыларының әрбір әрекеті мен сөзі адамдардың көз алдында. Сондықтан да жеке құрамға қатаң талап қойылмақ»,- деді Серік Жүрсінбайұлы.
Кеңес барысында Департамент бастығы “Заң және тәртіп” қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жіті тоқталды. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, жол қауіпсіздігі, есірткі қылмысы, экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстары, алаяқтық, киберқылмысқа қарсы күрес бағытындағы шаралардың іске асырылу барысын талдады.
Кеңес қорытындысы бойынша департамент бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы жедел-қызметтік жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытта бұл жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша негізгі шараларды белгіледі.





