Қызылорда оқушылары темір-бетон зауытында болды

226

0

Фото: Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл бастама жастарды еңбекке баулып, жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыруды көздейді.

Осы бағытта Қызылорда қаласындағы мектеп оқушылары құрылыс индустриясының алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының бірі – «КСМ KZ-2022» ЖШС темір-бетон зауытына экскурсия жасады.

Кәсіпорын 200-ден астам темірбетон бұйымдарын шығарады. Олардың қатарында:

• көпбөлімді жабын және таспалық фундамент тақталары;

• қабырға блоктары;

• темір-бетон маңдайшалар;

• дөңгелек темір-бетон шеңберлері;

• жол жиегіндегі тас тақталар;

• су жүретін лотоктар мен резервуар қабырғалары бар.

Бұл өнімдер аймақтағы тұрғын үй, көпір және гидротехникалық нысандар құрылысында кеңінен қолданылады.

Қызылорда оқушылары темір-бетон зауытында болды

Зауыттың техникалық базасы жылдан жылға жаңарып келеді. Құрылғылардың басым бөлігі Ресейден жеткізілген. Еңбек ұжымының 30%-ын технолог, инженер, краншы сияқты мамандықтарда еңбек ететін қыз-келіншектер құрайды. Олар ер азаматтармен иық тірестіре жұмыс атқарып жүр.

Ішкі нарықты толық қамтып отырған бұл зауыт – өңірдің ірі әрі сенімді өндіріс орындарының бірі. Кәсіпорын алдағы уақытта да өнім көлемін арттыруға мүдделі.

Осындай экскурсиялар – оқушыларға нақты өндірісті көрсетіп, жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттырудың тамаша тәсілі.