Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілуде

246

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. 2022 жылдан бері облыс аумағында жалпы құны 16 млрд 800 млн теңгені құрайтын 55 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде, халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,6 пайызға жетті. Биыл өңірде 13 жобаға 5 млрд 300 млн теңге бөлінді. 2025 жылы облыс аумағындағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.

«Бүгінде Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Жоба құны – 26 млрд 200 млн теңге. Келесі жылу беру маусымында қаламыз ыстық сумен толық қамтылады», – деді өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, биыл газдандыру жобаларына 30 млрд теңгеден астам бөлінді, 306 км газ желілері салынуда. Осы жобалар аясында өңір халқының 78 пайызы көгілдір отырмен қамтылады. Келесі жылы 10 артық елді мекенді газдандыру жоспарлануда.

Облыс басшысы тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Нәтижесінде, электр желілерінің тозу деңгейі 72 пайыздан 62 пайызға төмендейді.

Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында 215 млрд теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<