Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жыл қорытындысына арналған «Үздік премия-2025» дәстүрлі салтанатты іс-шарасында Қызылорда облысы «Жылдың үздік спорт өңірі» атанды.
Қазіргі таңда өңірде 377 мың адам, яғни тұрғындардың 44,6 пайызы спортпен жүйелі түрде айналысады. Кейінгі жылдары спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып, спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.
Сондай-ақ грек-рим күресінен 26 жылдан кейін тарихи жетістікке қол жеткізген жерлесіміз Айдос Сұлтанғали «Жылдың үздік спортшысы» аталымына, жеке бапкері Ғабиден Райымбек «Жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясына ие болды.
Қыркүйек айында еліміздің спорт жылнамасында айтарлықтай оқиға болды. Грек-рим күресінен 26 жылдан кейін қазақстандық балуан Әлем чемпионатында топ жарып, барша жанкүйерді үлкен қуанышқа бөледі. Ел құрамасынан Айдос Сұлтанғали (60 келі) алтын медаль алып, ұзақ жылдар бойы қол жетпей жүрген биікті бағындырды.
Айдос Сұлтанғали 1996 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазірге дейін 2018, 2022 жылдары Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 2021 жылы Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
«СБ» ақпарат





