Қызылорда қаласының прокуратурасы алимент бойынша берешек кейбір борышкердің букмекерлік кеңселерде ақшаға бәс тігіп жүргенін анықтады.
Биыл 135 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 борышкер қылмыстық іс қозғалды.
– Балаға төленетін алименті бойынша берешегі бар бір борышкердің қарызы 5,2 млн теңгені құраған. Ол 2 млн теңгесін букмекерлік кеңседе ұтылған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Алимент қарызы толық өтелді. Содан кейін жәбірленушімен татуласып, ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс тоқтатылды, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында Жаңа жыл түнінде 7 қылмыс ашылды.
Облыс бойынша барлығы 472 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйде болған 32, түнгі тыныштықты бұзған 21 адам жауапқа тартылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<