Қызылордада баласы үшін анасы айыппұл арқалады

430

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылордада мектепте сыныптасын ұрып, оның денсаулығына орташа зиян келтірген оқушының анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша азаматшаға қатысты іс қаралғанын хабарлады.

Оқиға былай өрбіген: оқушы сабақ аяқталғаннан кейін әжетхана ішінде басқа оқушыны жұдырығымен бет тұсынан ұрып, оның денсаулығына орташа зиян келтірген. Осыдан кейін кінәлі оқушының анасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен толық келісетінін және баласының әрекетіне өкініш білдіргенін айтып, соттан жеңіл жаза қолдануды сұраған. Сот қаулысы бойынша, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 мың теңге айыппұл салынды.