Қызылордада «Білімді ауыл» жобасы басталды

144

0

Фото: "Ауыл" партиясы

«Ауыл» партиясының бастамасымен Сыр өңірінде «Білімді ауыл» жобасы бастауын алды.  Жобаның алғашқы қадамы облыстағы озық білім ордасы Mansap мектебі мен І.Қабылов атындағы №32 орта мектебі арасындағы екі жақты тәжірибе алмасумен басталды, деп хабарлады Syrboyi.kz.

Мәдениет ауылының ұстаздары облыс орталығына келіп, Mansap мектебінде «Сингапур» әдісі бойынша 1 күн жаңа методикамен танысты. Аталған методика бойынша халықаралық деңгейде ғылыми жоба жұмысын жазу, оны қалай сәтті қорғау бойынша жаңа мағлұматтарға қанықты.

Қызылордада «Білімді ауыл» жобасы басталды

Сондай-ақ, «Халық ауыз әдебиеті», «I spy at the beach», «Шаршы және тіктөртбұрыш», «Madison’s daily routine», «ҰБТ-ға дайындаудағы тиімді стратегиялар» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылып, қатысушыларға UNESCO-ның сертификаттары табысталды.

Айта кетейік, партияның ықпалымен басталған жоба Жалағаш ауданында жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<