2025 жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында Қызылорда облысы аумағында табиғатты қорғау мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау, браконьерлікке, жасыл желектерді заңсыз кесуге, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне қатысты құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою.
Рейдтік іс-шаралар барысында полиция мен тиісті сала мамандары бірлесіп, табиғи ресурстардың заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақыра отырып, табиғи ресурстарды заңсыз өндіру әрекеттері үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.






