Қызылордада есірткіге қарсы акция өткізілді

494

0

Фото: ЕҚҚБ

Бүгінгі салауатты өмір салты-уақыт талабы. Дені сау болу сәнді және беделді болды. Бұл мәселені шешудегі заманауи тәсіл тәуелділіктің әртүрлі түрлері жайлы белсенді  оқыту, денсаулыққа қауіпсіз мінез-құлықты ақпараттандырумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау шараларыда жүру керек екенін көрсетеді.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Республика» партиясының өкілдерімен бірлесіп «Біз есірткіге қарсы!» ұранын ұстана отырып, ақпараттық парақшалар мен буклеттер таратты. 

Есірткіге қарсы азаматтық ұстанымын білдіргісі келген көшедегі жаяу жүргіншілер және «Aray City Mall» СОСО-ның келушілері науқанға тартылған бойлы қуыршақпен, есірткіге қарсы баннердың қасында қолдарына плакат ұстап суретке түсті.

Акцияны ұйымдастырушылар жастарды өмірді таңдауға, денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, қиындықтарға төтеп беруге үйренуге және қиын өмірлік жағдайларда «Сенім телефондарын» қолдана білуге және уақытылы «Жоқ!»-деп айтуға шақырды.

Акцияның ересек қатысушыларына, есірткіні қолданғандығын қалай тануға болатындығы және бала есірткі қабылдаса не істеу керектігі мен күресу жолдары туралы буклеттер таратылды. Бұл акция Қызылорда қаласының тұрғындарының назарын қоғамның өзекті мәселесіне тағы да аударуға мүмкіндік берді.

Іс-шараға қатысушылар алған ақпарат, ол ескерту түрі, себебі: нашақорлық еркелеу емес, жағымды ойын-сауық емес, өлімге әкелетін ауру, құйын және тұйыққа апаратын жол. Сонымен қатар, біздің өміріміз біздің қолымызда екенін үнемі есте ұстап, оның қандай болатынын әрбір адам өзі шешім қабылдап – бақытты және ұзақ немесе қысқа, азапқа толы ететіні жайлы ақпарат айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<