Қызылорда облысы ПД Арал ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы жолда жүру ережесін бұзған ВАЗ автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлікті 17 жастағы жасөспірімнің көлік құралын басқаруға ешқандай құқығы жоқ бола тұра, автокөлік басқарғандығы анықталды.
Толық мән-жайды білу үшін жасөспірімнің ата-анасы полиция бөліміне шақыртылды. Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның басқаруы және Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы үшін жасөспірімге екі хаттама рәсімделді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ата-анасына әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шара көру үшін сотқа жолданған.
Еске сала кетейік, облыс көлемінде 10 сәуірден бастап «Жасөспірім» айлығы жүргізілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<