Қызылорда облысында Республика күні қарсаңында қызметте ерекше көзге түскен полицейлер көтермеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында жеке құрамның қатысуымен қысқы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау және гарнизондық жиын өтті. Гарнизондық жиынды полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов өткізді.
Саптық шеру саптық дағдыны жетілдіру, саптық командаларды орындау кезіндегі реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Департамент бастығының бірінші орынбасары қызметкерлердің сыртқы түр-сипатын, үлгілік киімін, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын, автокөлік пен байланыс құралдарының техникалық жай-күйін тексерді.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлеріне облыстағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы жеткізіліп, бағдарлар таныстырылды. Саптық бөлімшелердің командирлеріне тапсырма берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<