Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда қаласының тұрғынына қатысты заңсыз іс-әрекетке тосқауыл қойылды. Ол ірі көлемде мұнай өнімдерін заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алып, сақтап және сатумен айналысқан.
Қызылордалық азаматша 2018 жылы мұнай өнімдерін көтерме бағада сату үшін серіктестіктің директоры әрі құрылтайшысы ретінде тағайындалды. Компанияның негізгі қызметі мұнай өнімдерін көтерме сату.
Күдікті 2019 жылдан 2023 жылға дейін 16 түрлі компаниядан жалпы сомасы 574 728 811 теңгеге 2 422 тонна дизель отынын сатып алған. Осылайша, 2019 жылдан 2023 жылға дейін ол растайтын құжаттарсыз сатып алған 334 тонна дизель отынын 18 мемлекеттік мекемеге және 3 заңды тұлғаға жалпы сомасы 262 151 055 теңгеге өткізген. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен тапқан 262 151 055 теңгені заңдастырған.
Заңсыз қылмысы үшін сот сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 197-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танып, соңғысына шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<