Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Syrboyi.kz POLITICO.KZ сілтеме жасай отырып.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қылмыстық схемаға кәсіпорын жұмысшылары мен күзет қызметкерлері қатысқан. Полиция жүргізген 20-дан астам тінту нәтижесінде 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімі тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келген залал 200 миллион теңгеден асады.
«Полиция бөліміне 12 күдікті жеткізілді, олардың тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және құжатсыз тасымалдау деректері бойынша тергеу жүргізіп жатыр», – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қазір тергеу жалғасуда.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<