Қызылордада қоғамдық көлік жеткілікті

1320

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінге дейін Қызылорда облысының өткір мәселесінің бірі қоғамдық көлік болып келді. Автобустың тапшылығы, интервалдың ұзақтығы, қызмет көрсету сапасының төмендігі әлеуметтік желіде сынға ұшырап келгеніне біраз болды.

Соңғы уақытта аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, өзекті мәселенің шешімі табылды. Ол өткен жылдың қараша айында өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей қолдауымен Серіктестікке «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алынды.

Осылайша, 2013 жылдан бері жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында құрылған «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Қолдауы бар автобус паркінің жұмысын БАҚ өкілдері аралады. Сондай-ақ, баспасөз турында Қызылорда қаласының әкімінің орынбасары Дінмұхамед Исламов жолаушылар көлігі тасымалы бойынша жасалып жұмыстарды баяндап берді.

Қызылордада қоғамдық көлік жеткілікті

– Ертеңнен бастап, халық игілігі үшін 23 бағыт іске қосылады. Қазіргі таңда, қалаішілік жолаушылар тасымалын күнделікті 150 дана автобустар жүзеге асыруда. Қоғамдық көліктердің бағыттардағы қатынау интервалы 12-15 минутты құрайды. Серіктестік теліміндегі бұрын қолданыста болған үлкен сыйымдылықтағы көліктердің 40 данасы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қосымша бағыттарға қосылып, қалаішілік жолаушылар тасымалдау жұмысын жақсартуға өз үлесін қосуда. Сондай-ақ, автобусты цифрландыру жұмыстарымен, халықты мәдениеттілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Яғни, автобус аялдамада ғана тоқтайды. Сондықтан тұрғындар осыны ескеріп, тәртіпке бағынса жақсы болар еді, – деді Дінмұхамед Аманұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<