Қызылорда қаласында Қалмырзаев әулетінде үшем дүниеге келді.
Үлкен қуанышқа бөленген отбасы мүшелері жарық дүниеге келген нәрестелерге Асылым, Інжу және Әлинұр деген есім берді. Үшемдерге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық Аналар кеңесі тарапынан сый-сияпат жасалды. Нәрестелерге қазақтың басты құндылығының бірі – домбыра тарту етілді.
«Осылайша қазақтың киелі ұлттық аспабы – домбыраны дәріптеуге назар аударылды. Қаншама ғасырдан бері халқымыздың серігіне айналған қасиетті домбыраны оның әкесіне табыстадық. Ал сәбилердің анасына кеңестің дәстүріне сай сәнді орамал мен сыйлықтар сыйға тартылды», – деді шараны ұйымдастырушылар.
Биыл Қазалы ауданында тұратын Алтынбаевтар отбасында да үшем дүниеге келген болатын.
Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 80-ге жуық егіз, 2 үшем дүниеге келді.
Әділжан ҮМБЕТ,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<