Қызылордада вахталық жұмысшылар 15 күндікке оралады

1887

2

Қызылордадағы «Ай-Дан Мұнай» АҚ жұмысшыларының вахталық ауысымды қайтадан 15 күндікке ауыстыру туралы бастамасы қолдау тапты. Бұл туралы облыстық кәсіподақ орталығының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Олардың ұсынысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары М.Бәйімбетов, облыстық еңбек саласын бақылау басқармасы мен компания басшылығының өкілдері, кәсіпорынның кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Нұрғалиев, кәсіподақ белсенділері қатысқан жиында талқыланды.

Жұмысшылар ұзақ мерзімді вахталық ауысымды бұрынғы қалыпқа келтіруді сұрады. Еске салсақ, төтенше жағдай кезінде компанияда аталған мерзім 15 күннен 29 күнге ұзартылған болатын.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жұмысшылар мен компания басшылығына қолданыстағы заңналар талабын түсіндірді. Нәтижесінде талап қанағаттандырылатын болды.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<