Қызылордада жалған сенімхат арқылы мекеме қаражатын жымқарған азамат сотталды

80

0

Фото: ҚР ҚМА

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2018 жылы таратылған «Сырдария аудандық туберкулезге қарсы диспансері» МКК-ның есеп-шотындағы 8 200 000 теңге көлеміндегі қаржыны алдау жолымен жымқарған Б.Расилов есімді азаматтың жолын кесті, деп хабарлады Syrboyi.kz

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында  2023 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалынан МКК басшыларының атынан жалған сенімхат арқылы «әрекетсіздік мәртебесін есептен алу туралы» және «пайдаланушыны «Online bank» жүйесіне қосу туралы»  банктік құжаттардың нысандарын ұсына отырып, банк филиалының автокассаларынан ақшалай қаражатты алып алғаны анықталды. Бұл өз кезегінде мемлекетке 8 200 000 теңге көлемінде ірі залал келтірді. Күдіктіге қатысты сот үкімі шықты. 

Сотталушы Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, қаржы ұйымдарында материалды жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 4 (төрт) жыл мерзімге айыра отырып, 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Тергеп тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық өндірілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<