Қызылордада полицейлер жоғалған баланы іздеп тапты, деп хабарлайды Syrboyi.kz Massaget.kz тілшісі.
10 қантарда сағат 17:00 шамасында 7 жастағы бала «ойнауға кеттім» деп үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде полицияға хабарлама түскен. Сол сәттен бастап Қызылорда қаласы полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды.
Полицейлер жақын маңдағы барлық көшені, ауланы мұқият аралап, жалғыз жүрген баланы көруі мүмкін деген куәгерлер мен жолаушылардан сұрастырған. Оған қоса бейнебақылау камераларын да тексерді.
«Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде екі сағаттың ішінде жоғалған бала қала аумағында адасып жүрген жерінен аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды. Дін аман табылған баланың анасы кәсібилік пен жеделділік танытқан полицейлерге алғысын жеткізді», – деп жазылған хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<