Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары жыл соңына дейін қоғамдық көлікте 10 теңгеге арзан жүре алады. Жеңілдік SMS хабарлама арқылы және Менің Beeline-ым мобильді қосымшасында келесі бағыттарда төлегенде беріледі: 1, 2, 11, 14, 17, 18.
Төлеу нұсқалары:
- Менің Beeline-ым мобильді қосымшасы: басты бетте «Көлік» бөлімін таңдап, көлік кодын жазу немесе QR-кодты сканерлеу керек. «Төлеу» пернесін басып, одан кейін билетті алу үшін «Билет алу» пернесін басу қажет. Жол жүретін электронды билет 2505 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде келеді.
- SMS-хабарлама: 2505 нөміріне көлік коды көрсетілген SMS жіберу керек. Жауап ретінде, қолданушы, электронды билетті SMS-хабарлама түрінде алады, оны контролерге көрсетуге болады. SMS жіберу тегін.
Жолақы төлегенде, теңгерімнен жолақы толық ұсталып, содан соң бірнеше секундта 10 теңге cashback теңгерімге қайтарылады. Акция бойынша күніне 2 рет жүруге болады. Көлік коды мен QR код автобустардың салонындағы жапсырмада.
«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық клиенті Android және iOS мобильді платформаларында қолдана алады. Толық ақпарат: www.beeline.kz
(Лицензия ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен 24.08.1998 жылы ККМ №ДС 0000317 лицензиясы берілген)
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<