Қызылордалық 5 баланың анасы Құндызай Аяғанова «КҮН.КЗ» редакциясына хабарласып, басындағы мәселені жария етуді өтінді. Сөзінше қала аралық жүк көлігін жалданып жүргізетін Асылбек Бейсенбаевқа (Құндызайдың күйеуі) нақақтан жала жабылып жатыр.
Мәселеге қыз баланың жол бойында мерт болғаны себеп болған. Полицейлер мәйітті тауып, Бейсенбаевқа жауып отыр екен. Құндызайдың сөзінше марқұм сол маңда өз жолдастарымен ішімдік ішіп, түні бойы қыдырған. Таңға жуық достарымен ұрысып, кафеден шығып кеткен. Содан кейін полиция оның денесін жол бойынан тапқан. Қыз бірге жүрген топ адамның ішіндегі екі жігіт Жамбыл облысына қарасты құқықтық органда қызмет етеді екен.
Еш жерден әділдік таппай қорланған бес баланың анасы амалы құрып, ел президентіне өтінішін жеткізуді сұрады.
Аяғанова Құндызай мен Бисенбаев Асылбектің бес баласы бар. Олардың үлкені колледж студенті, үшеуі мектеп оқушысы, бесіншісі 1,5 жаста. Ал Құндызай Аяғанованың алтыншы балаға аяғы ауыр. Отбасының жалғыз асыраушысын жаладан құтқарғысы келетінін айтады.
Төменде Құндызай Аяғанованың хаты:Құрметті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы!Мен Аяғанова Құндызай Арапбайқызы Қызылорда қаласының тұрғынымын. Жамбыл облысы прокуратурасы мен Жамбыл облыстық полиция Департаменті қызметкерлерінің өрескел Заң бұзушылыққа барып жұмбақ жағдайда қайтыс болған қыздың өлімін менің жолдасым, кәмілет жасына толмаған 5 баламның әкесі Бисембаев Асылбектің мойнына ілгеніне байланысты амалсыздан, тығырыққа тірелгендіктен өздеріңізден көмек сұрап жазып отырмын.Оқиға 3 ақпан 2023 жылы таңға жуық сағат 5 шамасында Батыс Еуропа Батыс Қытай тас жол жиегінен, 334 шақырымы,Меркі ауданы тұсында бір әйел адамның мәйіті табылған. Аталған қыздың өлімі жол көлік оқиғасы нәтижесінде алынған жарақаттардың салдарынан болды деп Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігімен іс қозғаған.Менің жолдасымның бар кінәсі сол уақытта ол жерден өткендігі және өзінің момындығы адамдарға сенгіштігі болып отыр.
Менің жолдасым 20 жылдан бері жүк көлігін айдайды. Соңғы 3 жылда отбасын асыраймын деп, 10 жылдан бері салып сатқан баспанасын қайтсем бітіремін деп жалдамалы болып осы Фура автокөліктерін айдап жүрді. Оқиға болған күні, яғни 2 ақпан 2023 жылы түнде 22:00 шамасында Байзақов Димаш деген Қызылорда қаласының тұрғынының Даф автокөлігіне жүк тиеп, екеуі Алматы қаласынан Орал қаласына жолға шыққан болатын.3 ақпан түстен кейін 16:00 шамасында Шымкент қаласына жеткенде полиция қызметкері менің жолдасыма хабарласып сұрақтар қойған. Ал Түркістан қаласына жеткенде өздерінің жеке автокөліктерімен келіп таңғы сағат 04:30-05:20 аралығында сізден басқа ешқандай жүк көліктері өтпеген деп жолдасымды Меркі ауданына қайта алып кеткен. Тоқтату барысында автокөлікке тексеру жасамаған бейне жазба жасамаған себебі түнгі уақыт қараңғы болып кетті деген сылтау айтып.4 ақпан Меркі аудандық полиция бөлімінде кешке дейін ұстап қинап ештеңе болмайды көмектесеміз бізге сен, тек көрдім деп айтсаң болды ол қыз өз өзіне қол жұмсаған болуы мумкін деп алдап қол қойдырып алған.
Оған дәлел соңғы кездері қолдарын кескен сәттер болған деп түсінік берген құрбысының сөздері мен соңғы рет қоңырау шалып я умираю деп айтты деген досының сөзі.5 ақпан Полиция бөлімінің ауласында тұрған жолдасым айдаған Даф автокөлігінің жақтауларына ғана емес, кабинаның ішіне жүргізуші аяқ астындағы поликтің астына да қыздың жатқан жерінен табылған шаштарын апарып салып қойған.Қасында болған көлік иесі Димашта ұйықтап жатырмын ол уақытта ештеңе білмеймін деп куәлік еткен. Ең қызығы қамауда тұрған автокөліктегі жүкті 7ақпан күні Димаш өзінің екінші көлігін шақыртып соған тиеген. Және сол автокөлікті менің жолдасым айдап Орал қаласына жеткізген. 10 наурыз 2023 жылы қамаудағы Даф автокөлігін шығарып алып Алматы қалаларына бірнеше рет барып келіп жүрді.5сәуір 2023 жылы жолдасымды тергеуші Меркі ауданына қол қойып кетіңіз деп қайта шақыртып алып қамап тастады.Жолдасымның құқығын қорғайтын адвокатты тергеуге қатыстырудан бас тартып, өздерінің қылмыстық әрекеттерін жасырып, қылмыстың бәрін менің жолдасымның мойнына ілді.Тергеу барысында адвокатым Жамбыл облыстық полиция Департаменті мен прокуратура органдарына арызданса да, ол арыздарын қарау үшін сол қылмысты жасырып отырған Меркі ауданының тергеушілеріне қайтарып жіберіп отырды.
Меркі аудандық соты да прокуратура органдарының айтқанынан шыға алмай, адвокатымның берген шағымдарын қараусыз қалдыруда.Ең басты куәгерлерді тергеуге қатыстырмай жасырып отыр. Себебі қайтыс болған қыз сол күні түнде Тараз қаласынан құрбысы Т.А. және оның досы Қ.Е. тағы 3 достарымен, барлығы 6 адам 1көлікпен Меркі ауданына демалуға келген. Таразда Фиркан дүкенінен ішімдіктер алған. Қайтыс болған жер Мёд қалашығындағы Салем кафесіне келіп ішімдік ішулерін жалғастырған. Және қайтыс болған қыз бізбен ұрысып Таразға өзі қайтып кетті біз білмейміз, ол өз-өзіне қол жұмсады, көліктің астына түсіп қайтыс болды деп істі тыныш жауып тастағысы келген.Өйткені Қ. Е. Ішкі істер министрлігіне қарасты Жамбыл облыстық полиция басқармасының қызметкері екен. Қасында болған Б. Есімді жігіт Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери қызметкер. Ал қалған Екі досын барынша жасырып отыр. Салем кафесіндегі бейне жазбаларды өшіртіп жойып жіберген. Тараздан келген автокөліктерін де тергеуге қатыстырмаған себебі қайтыс болған қыздың қиылып қалған саусақ іздері ол көлікте болуы мүмкін.Құрметті Президент мырза, Қазақстан Республикасында Ата Заңымыздың кепілі ретінде менің жолдасымның құқығын қорғап, жұмбақ жағдайда қайтыс болған қыздың өліміне қатысы бар шын қылмыскерлерді, оны жасырып отырған, қылмысты шын ашуға құлық танытпаған Жамбыл облысы прокуратурасы мен Жамбыл облыстық полиция Департаменті қызметкерлерінің былығын әшкерелеп жолдасымды ақтап беруді сұраймын!
Осы лауазымды тұлғалардың бүткіл тамыр танысы Жамбыл облысы құқық қорғау органдарында жұмыс істейтіндіктен Астана қаласының ұлттық қауіпсіздік Комитетіне, Бас прокуратураның жеке қадағалауына беруді өтініп сұраймын.
Сізге деген үмітпен Аяғанова Қ.А.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<