Қызылордалық полицейлер 6 миллион теңгені қолды қылған күдіктіні ұстады

61

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылорда облысында полицейлер тұрғын үйден 6 миллион теңгені ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Syrboyi.kz

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны үйінде ұрлық болғаны жөнінде хабарлаған. Тексеру барысында үй иелері болмаған уақытта белгісіз адам жәбірленушінің үйінің жатын бөлмесіне терезені бұзу арқылы кіріп, 6 млн теңгенің ақшасын ұрлағаны анықталды.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер Түркістан облысында қонақүйде жасырынып жатқан 34 жастағы күдіктіні қолға түстірді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұрланған ақша жәбірленушіге қайтарылды. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<