Қызылордалық полицейлер челленджді жалғастырды (видео)

159

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2025 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялады. Профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен елімізде «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты ауқымды акциясы өтуде.

Іс-шара қоғам назарын отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аударуға, отбасы институтын нығайтуға және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Ауқымды акциядан қасиетті Сыр өңірінің тәртіп сақшылары қалыс қалған жоқ. Қызылорда облысының Полиция департаменті Шымкент қаласының Полиция департаментінен осы челленджді қабылдап, ізгілік тізбегін жарыса жалғады.

Қызылордалық полицейлер қоғамды зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікке және әр отбасын бейбітшілікке шақыра отырып, челленджді Маңғыстау облысының Полиция департаментіне жолдады.

Сәуір айында бастау алған челлендж 20 маусымда ел жүрегі – Астана қаласында аяқталады.