Қызылордалықтар Мемлекет басшысына алғыс хат жолдады

191

0

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, аймақтың дамуына серпіліс берген жобалармен танысты.

Сыр жұртшылығы Прези­ден­ті­міздің бірлік пен тұ­рақтылыққа, хал­қымыздың әл-ауқатын жақ­сартуға ба­ғыт­­тал­ған бастамаларын қол­дап келеді.

Аймақтағы игілікті істердің жүзеге асуына ерекше қам­қорлық көр­сеткенін жақсы біледі. Өйткені саяси-эко­номи­калық реформалар­дың нәти­жесі Қызылорда облы­сының бү­гінгі даму серпінінен анық бай­қалады.

Мемлекет басшысының өңір жұрт­­шы­лығымен кез­десуде айтқан әлемдегі ахуал, су тапшылығы, жас­тар тәрбиесі, жасанды интел­лект дәуі­рінің жаңашылдықтарын пай­далану туралы пайымдары баршаға ой салды. Әсіресе, Астана мен Ал­маты қа­ла­­ларындағыдай тәулік бойы қызмет көр­сететін үшінші Прези­денттік кітап­хананы Қы­зылорда қала­­сында салу ту­ралы бастама жұрт­­шылықты қуа­нышқа ке­нелтті. Президенттің: «Облыс жалпы жақ­­сы дамып келе жатыр. Қарқыны жо­ға­ры» деген оң бағасы ынтымағы мен бір­­лігі жарасқан Сыр халқының мерейін өсірді.

Сапардан соң, қызылор­да­лықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына хат жолдап, алғыс білдірді.

«Сізге барша Сыр жұрт­шылығы атынан шынайы алғы­сымызды, зор ризашы­лығы­мызды білдіреміз. Әділетті, Қуатты, Таза Қазақстанды құру жолындағы барлық бастама­ларыңызды қолдаймыз! Тәуел­сіз елі­міздің дамуына бағыт­талған тарихи миссияңызға мол жетістік, мықты денсаулық және сарқылмас жігер тілей­міз!» делінген хатта.

Сыр жұртшылығының аты­нан жол­­данған алғысты жет­кізгендер ара­сында Қазақ­станның Еңбек Ер­лері, ар­да­герлер мен әйелдер кеңесі, қо­ғамдық кеңес, зиялы қауым, аза­маттық қоғам өкілдері мен жастар бар.

«СБ» ақпарат