Рамазан-2025: 20 күндегі қайырымдылық есебі

344

0

Фото: Ақмешіт Сырдария мешіті

Рамазан айында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен бірқатар қайырымдылық шаралары өткізілуде.

Берекелі айдың алғашқы 20 күнінде жасалған қайырымдылық есебін тарқатар болсақ, 1760 мұқтаж отбасына «Рамазан сыйы» азық-түлік себеттері үлестірілді. «Жұмысшы мамандықтар жылына орай 540 еңбек адамына ауызашар себеттері таратылды. 160 отбасына “Рамазан қоржыны” таратылды. Сондай-ақ 60 жетім балаға «Рамазан сыйы» атты сыйлықтар берілді.

«Рамазанда бір тал ек» акциясы аясында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай «35 мың түп ағаш отырғызу» іс-шарасы бойынша Қызылорда облысы, Арал ауданында 5000 түп сексеуіл ағашы, қосымша мешіт аулаларында 1020 тал көшеті отырғызылды.

Өңірдегі университет пен колледждердің 792 студентіне, қарттар үйінің 160 қариясына ауызашарлар ұйымдастырылды. Ораза ұстаған 210 мүмкіндігі шектеулі жандар, соқырлар қоғамы және т.б. мұқтаждарға ауызашар дастарқаны жайылды және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында 100 көпбалалы отбасына ауызашар берілді.

«Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 1 дін қызметкеріне және асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасына және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасына, барлығы 3 баспананың кілті табысталды. «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында 3 науқас жанға 200 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетіліп, Қызылорда қаласы, Талсуат ауылында орналасқан Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына және Арал қаласынада орналасқан Оңалту орталықтарын жаңа оңалту құрылғыларымен жабдықталды. Айта кетсек, қор атынан аталмыш мекемелерге татами, айна, швед қабырғасы, бизиборд, доптар мен дамытушы ойыншықтар сыйланған болатын.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<