Рамазан-2025: Облыстық құран байқауы өтті

224

0

Фото: Ақмешіт-Сырдария мешіті

Бүгін шәкірттер арасында Құран Кәрімнің 5 парасын және 3 парасын жатқа оқудан облыстық байқау өтті.

Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қалалық «Мырқы қажы» мешітінде өткен сайысқа Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жснасұлы арнайы қатысып, Құран жаттаушылардың дәрежесі жайлы насихат айтты.

Жарыста қала және аудан мешіттерінен, Қарилар дайындау орталықтары мен қайырымдылық мекемелерінен келген 41 үміткер бақ сынасып, қазылар алқасының шешімі бойынша:

Құран Кәрімнің 5 парасын жатқа оқудан

І орын – Әбіл Нұрмұхаммед (Шиелі ауданы, 200 000тг)

ІІ орын – Нығметулла Алтынбекұлы (қалалық «Мүсірәлі ата» мешіті, 150 000тг)

ІІІ орын – Әли Аман (Шиелі ауданы, 100 000тг)

Құран Кәрімнің 3 парасын жатқа оқудан

І орын – Серікқали Азиз (облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті, 150 000тг)

ІІ орын – Жапеков Жаңабай (Жаңақорған ауданы, 100 000тг)

ІІІ орын – Нұрислам Еркебұланұлы (қалалық «Хазірет Осман» мешіті, 70 000тг) үздік деп танылды.

Жылдағы дәстүр бойынша Қайрат Бөріқожаұлын еске алып, рухына сауабын бағыштау мақсатымен ұрпақтары бәйге жүлдесіне демеушілік көрсетті.

Айта кетейік, қазіргі таңда аймақта 4 Қарилар дайындау орталығы және 2 қайырымдылық мекемесі жұмыс істеуде.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<