Қадір түні Сыр өңірінің бас мешітіне жиылған жамағатқа ислам құндылықтары жайлы насихат айтылды.
Нақтырақ айтар болсақ, Қызылорда облысының бас имамы Дастан Жанасұлы «Қадір түні – қасиетім» тақырыбында уағыз айтса, аталмыш мешіт ұстазы Дайрабай Рысбаев «Намаз – ең ұлық ғибадат», наиб имамы Айболат Теміров «Дұға – ғибадаттың мәйегі»тақырыбында, қалалық «Мырқы қажы» мешітінің наиб имамы Асқар Жұбанов «Ата-ананың қадірі» тақырыбында насихат жүргізді.
Айта кетейік, мың айдан да қайырлы болған қасиетті түн өңір мешіттерінде арнайы дайындалған бағдарлама бойынша өткізілуде.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<