«Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті

214

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, Қарттар үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл игі бастаманы Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт Жан» орталығы мен «Құранға қызмет» қайырымдылық қоры қолға алды.

Мерекелік шарада еріктілер қарттарға көңілді концерт ұйымдастырып, қызықты ойындар өткізді. Шара соңында 40-тан астам қартқа ауызашар дастарханы жайылып, жеке кәсіпкер Қуаныш Ерболатұлы мен ардагер Жолдасбек Ақсақаловтың қолдауымен сый-сияпаттар табыс етілді.

Қайырымдылықтың жарқын көрінісі болып, осындай іс-шаралар әрқашан халықтың бірлігін, мейірімділігін арттырып, қоғамда үлкен жақсылық әкелетіні сөзсіз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<