Референдум: 4251 азамат үйден дауыс беруге өтініш жазды

327

0

Фото: Сайлау комиссиясы


Референдумда дауыс беруге ниет білдірген азаматтардың арасында үйден өтініш қалдырған азаматтар да бар.

Референдум: 4251 азамат үйден дауыс беруге өтініш жазды

Облыста 4251 азамат үйден дауыс беруші өтініш қалдырған. Оның 685-і Қызылорда қаласында, қалғандары аудандардан берілген.

Өтінішке сәйкес учаскелік референдум комиссиясының екі мүшесі тасымалданатын жәшікпен бірге азаматтың үйіне барып дауыс беруге жағдай жасады.
Үйден дауыс беруді қалаған азаматтардың бірі – Күлмариям Реметәліқызы. Ол Қызылорда қаласының тұрғыны ретінде әрбір саяси науқанға азаматтық жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуда.

Мемлекет үшін маңызды кезеңде әрбір азаматша үнсіз қалуға тиіс емес деп ойлаймын. Әр науқан кезде үйден дауыс беруге өтініш қалдырамын. Учаскенің комиссия мүшелері келіп дауыс алады, – дейді дауыс беруші.

Еске салайық, референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.

Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді.

Сондай-ақ, азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.

Облыста 380 референдум учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2652 комиссия мүшелері қызмет атқарады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<