Ресейде күшті желден екі адам қаза тапты

464

0

Сурет: pixabay

Ресей астанасы Мәскеуде күшті желден 2 адам қаза тауып, 17 адам жараланды.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Желдің жылдамдығы секундына 21 метрге жетіп, ауа температурасы төмендеген, деп жазады qazaqstan.kz.

Қаладағы ірі саябақтар мен басқа да қоғамдық орындар жабылды.

Мамандарының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына «Патриция» циклоны әсер еткен.

Коммуналдық қызмет желдің салдарын жою үшін шұғыл режимде жұмыс істеп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<