Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
Рим Папасы Франциск Газа секторындағы атысты тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі DW жаңалықтарына сілтеме жасап.
— Атысты тоқтатыңдар, соғыс әрқашан жеңіліс әкеледі, — деді понтифик жексенбі, 29 қазанда Ватикандағы Әулие Петр алаңында дәстүрлі жексенбілік уағызы кезінде.
Франциск гуманитарлық көмек жеткізуге жол ашу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ ол Еуропалық Одақ, АҚШ және Израильде лаңкестік ұйым деп танылған ХАМАС радикалды ислам қозғалысының содырларынан кепілге алынғандарды тез арада босатуды талап етті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<