Сабалақ тұрғындары өз таңдауын жасауда

55

0

Фото: автордан

Бүгін қала іргесіндегі Сабалақ саядайындағы «Orda school» мектебінде орналасқан №381 сайлау учаскесінде де референдум науқаны белсенді өтуде. Тұрғындар өз таңдауын жасауда.

Сайлау учаскесіне 2837 адам тіркелген. Ең бірінші болып өз таңдауын жасаған ерлі-зайыптылар Мейрамбек Сейітов пен Айжан Әбдікәрімоваға сый-сияпат көрсетілді. Сайлау учаскесінің төрайымы Гүлзар Башарова бүгінгі елеулі саяси науқанда саяжай тұрғындары да белсенділік танытып жатқанын жеткізді.

«Таңғы жеті болмай халық мектепке жиналды. Дауыс берушілердің арасында қарт кісілер де, кәмелет жасқа енді толушылар да болды. Жаңа ғана 100-ші болып дауыс берген Руслан Шермағанбетке сыйлық берілді» – деді ол. Референдумның өту барысын 6 бақылаушы қадағалап отыр.

Сара Адайбаева,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<