Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралау барысында алдымен «Достық үйінде» болды. Ғимарат жақын аралықта пайдалануға беріледі.
Қазір құрылысшылар ішкі және сыртқы абаттандыру жұмыстарына кіріскен. Жалпы нысан ішінде кеңселер, холл, фойе, ресепшн, гардероб, 200 орындық үлкен зал және 60 орындық кофейня болады. Жиындар мен басқосуларға арналған конференц-зал заманауи техникалармен жабдықталмақ. Сондай-ақ би студиясы, музыка және вокал кабинеттері, клуб, қойма, архив пен қосалқы бөлмелер қарастырылған.
Құрылысына «Қазақстан халқына» қоры 2,9 млрд теңге бөлген денешынықтыру-сауықтыру кешенінде де жұмыс қарқын алған.
Кешеннің бірінші қабатында волейбол, екінші қабатында күрес және өзге де спорт залдары орналасады. Барлығы спортпен шұғылдануға талап қылған үл кен-кішіге ыңғайлы болмақ.





