Саяжай тұрғындарының талап-тілегі тыңдалды

117

0

Фото: Қала әкімдігі

Бүгін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһар басшысы Нұржан Ахатов қала іргесіндегі «Ягодка» және «Пищевик» саяжайларына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде саяжайлықтар басты көшелерге тас төсеуді, аялдама мен жарық бағаналарын орнатуды, сондай-ақ электр желісін жаңартып, қоғамдық көліктердің жүруіне кедергі келтіретін талдардың бұтақтарын балақтау жұмыстарын жүргізуді сұрады.

Тұрғындардың көтерген мәселелері бойынша Нұржан Сәбитұлы қажетті шаралар қолға алынатындығын жеткізді. Жауапты сала басшыларына алдағы он күн ішінде қоғамдық көлік қатынайтын негізгі көшенің бойына 3 дана аялдама орнатуды, жарық бағаналары мен жолға тас төсеуді тапсырды.

Айта кету керек, аумағы 92 гектар болатын «Ягодка» мен «Пищевикте» 1200-ге жуық халық тұрады. Тұрғындарды қаламен байланыстыратын қоғамдық көліктер күнделікті қатынауда.

Қызылорда қаласының әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<