«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-сі жабайы қасқыр, шибөрі жануарларының санын реттеуге қатысты хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес, қасқыр және шибөрі аңдарының санын реттеу үшін рұқсат құжаттар беріледі.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 Заңының 45-бабына сәйкес, жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздеме негізінде жүргізіледі.
Биологиялық негіздемеге сәйкес Қызылорда облысы аумағында 2025 жылғы 15 қаңтарда сағат 10:00 бастап қасқырмен шибөрі жануарларының санын реттеуге рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді болады.
Әзірленген биологиялық негіздеменің негізінде Қызылорда облысының аумағында қасқыр және шибөрі аңдарының санын реттеуге бөлінген лимитке сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет электрондық (толық автоматтандырылған) нысанда көрсетіледі.
Р.Ж. Бурабаев,
Қызылорда облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар
дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<