Сапа мен мерзім қатаң сұралады

71

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірдегі құрылыс жұмыстарының барысы талқыланған мәжіліс өтті. Оған қала және аудан әкімдері, жауапты сала жетекшілері қатысты. Аймақ басшысы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, құрылыс қарқынын арттыруды, жыл соңына дейін жоспарланған әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар құрылыс ма­териал­дарының сапасына тұрақты бақылау орнатуды, бюджет қара­жатын тиімді және мақсатты жұмсауды, жаңа мек­тептер мен тұрғын үйлердің сапасына баса назар аударуды міндеттеді.

Өткен жылы құрылыс саласына 128,5 млрд теңге, биыл 170,1 млрд теңге бөлінген. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 8,1 есе арт­қан. Әлеуметтік ірі жобалардың қа­тары көбейген. Биыл сол жаға­лау­дағы физика-математика мек­теп-интернаты, музыкалық кол­­ледж, тари­хи-өлкетану музейі, шы­ғар­ма­­шылық-инновациялық орталық, «Ке­лешек мектептері» және «Руха­ният орталықтары», «Қайсар» футбол клу­бының 11 мың орындық жаңа ста­дионы, тағы басқа нысандар құ­ры­­лы­сы аяқталып ел игілігіне табысталды.

Жыл соңына дейін сол жаға­лаудағы спорт кешені, «Достық үйі», Арал ау­даны Жалаңаш ауылындағы 150 орын­дық мектеп, аудандардағы орталық ауру­ханаларды қайта жаңғырту жұ­мыстары аяқталмақ. Қазіргі уақыт­та «Қызылорда арена» кешені, онко­­логиялық бөлім­шесімен бірге бір ауысымда 100 келушіге арнал­ған емханасы бар 300 төсектік аурухана құрылысы қарқынды жүруде.