Ілияс Қарақұлов 1943 жылдың сәуір айында Жалағаш аудандық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанып, Солтүстік-Батыс майданында жеделдетілген саперлік курсты оқып бітірді. Қазан айынан ІІ Прибалтика майданының құрамындағы №9 шабуылдаушы инженерлік-саперлік бригадасы №41 дербес шабуылдаушы батальонының сапында сапер болып қызмет атқарды.
Майдан даласында көрсеткен ерен ерлігі үшін сол жылдың қыркүйек айында «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл жөнінде оның командирі, капитан Наседкиннің өз қолымен толтырған марапаттау парағында былай деп баяндалған. «За время боевых действий батальона на реке Великая, в районе города Лаура и города Алукене красноармеец И.Каракулов проявил себя как стойкий и мужественный боец. Находясь в составе отделения, приданного противотанковой артиллерийской батарее, отважно тушил загоревшуюся при бомбежке автомашину со снарядами. При постройке командного пункта штаба фронта перевыполнял нормы в 3-4 раза. Достоин награждения медалью «За боевые заслуги…».
1944 жылдың қазан айында оң аяғы мен сол иығынан ауыр жарақаттанып, екі ай бойы Ленинград қаласындағы №2013 әскери-эвакуациялық госпитальда жатып ем қабылдады. 1945 жылдың қаңтар айынан Ленинград майданында шайқасып жатқан генерал-майор И.Панфилов атындағы №8 гвардиялық атқыштар дивизиясының №23 гвардиялық атқыштар полкі құрамындағы №2 дербес саперлік батальонында сапер болып ұрыс қимылдарына қатысты. Сол жылдың қыс-көктем айларында Балтық бойында жаудың қоршауға түскен 350 мың кісілік Курляндия тобын талқандау операциясында көрсеткен ерлігі үшін ІІІ дәрежелі «Данқ» орденімен марапатталды.
Марапаттау парағында бұл жайында «Тов. Каракулов И. служит в саперном батальоне с января 1945 г. За время своего пребывания в батальоне показал себя дисциплинированным и отважным бойцом-сапером. Так, во время февральских боев 1945 г. тов. Каракулов составе отделения, в районе хутора Музикас, проделал проходы в минных полях за передним краем нашей обороны и несмотря на сильный артиллерийский и минометный огонь противника боевое задание выполнил в срок и полностью.
В мартовских боях 1945 г. тов. Каракулов вместе с пехотой отражал контратаки противника и несмотря на то, что в течение 3-х суток не получал продуктов питания, показал образцы выдержки и мужества, с одинаковой энергией выполнил поставленную боевую задачу. Достоин награды ордена Славы ІІІ-ей степени…» делінген.
Гвардия қызыләскері Ілияс Қарақұлов майдан даласында ерекше ерлік көрсеткен жауынгерлерден іріктелген Ленинград майданының мың кісілік дербес полкінің құрамында 1945 жылдың 24 маусым күні Мәскеу қаласында өткен Жеңіс парадына қатысты.
1945 жылдың қазан айында елге оралған соң қамыс зауытындағы жұмысын одан әрі жалғастырып, «Жігер» колхозында, кейіннен «Коммунизм» совхозында жылқы бағып, 1970 жылы зейнетке шыққан.
Майдан даласында көрсеткен ерен ерлігі үшін ол ІІІ дәрежелі «Данқ» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, соғыстан кейін І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және бірнеше мерекелік медальмен марапатталған. Соғыс және еңбек ардагері 1996 жылы М.Шәменов атындағы ауылда қайтыс болды.
Қанат ЖАПАҚОВ,
Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері






