Сербия Президенті Алматының әйгілі апортын сыйға алды

202

0

Фото: Александр Вучичтің жеке парақшасы

Сербия Президенті Александр Вучич Белградқа ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты ықыласпен күтіп алғанын жазды, деп хабарлайды Ақорда.

«Сербия Президенті әлеуметтік желілердегі парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады. Сондай-ақ Сербияның достас елдерге құшағы әрдайым ашық әрі бүгінгі кеш соның тағы бір дәлелі екенін атап өтті», — делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Еске салсақ, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды.

Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<