«Сергек» жүйесі іске қосылды

440

0

Фото: ашық дереккөзден

Жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыз!

Себебі бүгіннен бастап жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында «Сергек» бейнебақылау камералары іске қосылды. Қазірдің өзінде қала орталығындағы маңызды 10 көшеге жылдамдық өлшегіш камералар орнатылған. Бұл өз кезегінде жолдағы қауіпсіздікті болдырмауға көмегін тигізіп, жүгенсіз жүргізушілердің жөнге келуіне мүмкіндік жасайды.

Құрылғы – нөмірлік белгілерді төмен жарық жағдайында да шағылыстыратын, сондай-ақ шағылыстырмайтын көлік жарығын, машина маркасын автоматты түрде тануды, жылдамдық артуын оптикалық тіркеп, учаскедегі трафикті есептейді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Сергек» камералары орнатылған көшелердің тізімі:

1. Сол жағалау, 2-ші айналым мен Батыс Еуропа Батыс Қытай жолының ортасында;

2. Сол жағалау, Абылайхан көшесі, (Орда мектебінің тұсы);

3. Сол жағалау, Сырдария жағасындағы жол, (Арай Санрайс дача тұсы);

4. Әуежай тас жолы (Есенбек ата ауылы тұсы);

5. Әуежай тас жолы (Әуежай аркасы тұсы);

6. Тәуелсіздік даңғылы (Сыр Ана ескерткіші тұсы);

7. Сұлтан Бейбарыс көшесі (№264 мектеп тұсы);

8. Сұлтан Бейбарыс көшесі (Облыстық әкімшілік);

9. Хон Бен До көшесі (Нұртуған көшесі тұсы);

10.Әміре Қашаубаев көшесі (№2 үй тұсы).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<