Танымал әнші Серік Ибрагимов өзіне және әйеліне алған қос көлігін көрсетіп, елден көрімдікті жары Айнамкөзге жібере беруін сұрады, деп хабарлады Syrboyi.kz.
Су жаңа тұлпарын көрсетіп, әлеуметтік желідегі парақшасына салған Серік Ибрагимов көлік маркасын да, бағасын да жасырмады. Және осы уақытқа дейін әлі ешкім көрімдік бермегенін де айтып қалды.
– Бір де бір адам көрімдік бермеді. Осы адамдар қызық?! Жұғысты болу үшін көрімдік беру керек емес пе?! Біз болсақ барымызды береміз. Мынау майды ішеді екен, – деді әнші.
Өнер жұлдызынан машинасының маркасы мен бағасын да сұраушыларға да жауабын жаза кетті. Ол темір тұлпарының маркасы анық көрініп тұрғанын және құны – 100 миллион теңге тұратынын да жасырмады.






