Серікбай қошқаров – «Парасат» орденінің иегері

237

0

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында ғалымдармен кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады.  Жиында ғылымның әр саласында табысты еңбек етіп,  мемлекетіміздің дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар ғалымға  мемлекеттік наградалар табыс етілді. Солардың  қатарында жерлесіміз, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің су шаруашылығы және жерге орналастыру білім беру бағдарламасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Қошқаров «Парасат» орденімен наградталды.

Серікбай Қошқаров 1945 жылы Сырдария ауданында дү­ниеге келген. Ол 1959-1963 жылдары Қы­зылорда гидро­ме­лиоративтік техни­кумында білім алып, кейін Жамбыл гидро­мелиорация-құры­лыс инсти­тутын «Гидро­мелио­ра­ция» маман­дығы бойынша бі­тірді. 1968-1969 жылдары Тасбөгет қыс­тағында күріш суармалы жүйесі құ­ры­­лы­сында мастер қызметін атқар­ды. Одан кейін сегіз жыл­дай Қазақ күріш ғылыми-зерттеу инсти­ту­тын­да аға ғы­лы­ми қызметкер, зертхана мең­герушісі болып жұмыс істеді.

1978 жылы Мәскеу гидро­ме­лиорация институтында тех­ника ғы­лымдарының кан­ди­даты ғылыми дәрежесін, 1997 жылы Мәскеу мем­ле­кет­тік табиғатты үйлестіру уни­верситетінде докторлық диссер­та­циясын сәтті қорғады. Мұнан кейін Жамбыл гидро­мелиорация-құрылыс инсти­тутының Қызылорда филиа­лында кафедра меңгерушісі, кейін екі жоғары оқу орны бірік­кен соң, Қорқыт ата атын­дағы Қызыл­орда уни­верси­те­тінің қалып­тасуына үлес қосты.

Бүгінде ғалым-ұстаздың 2 монографиясы, 3 оқу құралы, 2 әдістемелік нұсқаулығы және 150-ден астам ғылыми ма­қаласы жарық көрді. Оның ғылыми жетістіктері мен тәжіри­бесі еліміздің су шаруа­шылығы, экология және аграр­лық ғылым саласының дамуына айтар­лықтай үлес қосуда.

Ол табысты еңбек жолында өзіне лайықты бағасын алып келеді. Ерен еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министр­лігінің «Қазақстан Рес­публика­сының Білім беру үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық меда­лімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республика­сының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен, “Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері” атағымен және Ахмет Байтұрсынов төсбелгі­сімен марапатталған.

Ол – елімізге, облысымызға бел­гілі су шаруашылығының жоғары білікті маманы. Сыр бойының су мәселесі бойынша ғылыми бағытта ұзақ уақыт ізденіс жүргізіп, зерттеу жұ­мыстарымен айналысты.

 Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<