Шәкірттер жүрегінде сақталған ұстаз

67

0

Қаракеткен ауылындағы №114 орта мектепте ардагер-ұстаз Мәлік Меңбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай бастауыш сынып кабинеті ашылды. Ауылдағы алтын ұяда өмірінің соңына дейін еңбек еткен ұстаз есімі ұлықталып, «Шәкірт жүрегінде мәңгі сақталған есім» атты салтанатты жиын өтті.

Шараға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы­ның орынбасары Өмірбек Шә­менов, аудандық ар­дагерлер кеңесінің төрағасы Са­дық Әлиев, аудандық мәс­лихат төрағасы Өмірбек Елеусінов, қар­­жы саласының ардагері Болат Тә­­шімбетов пен ұстаздың әріп­тестері, шә­кірттері мен ағайын-туыстары, балалары және мектеп ұжымы қатысты.

Қатысушылар ардагер ұстаз­дың өмір жолы мен білім саласына сіңірген еңбегін ерекше ықы­ласпен еске алды.

Мәлік Меңбаев 1925 жылы 13 наурызда Жалағаш ауданы «Қа­ракеткен» бе­кеті маңайындағы Шынар көліне таяу Кеңтүбек деген жерде дүниеге келген. Аға­сы Аманбай мен апасы Ханшадан кейінгі отбасы мүшесі. Кіш­кентайынан алғыр болып өс­кен ол Қалжан ахун мед­ресе­сінде тәлім алған. Одан кейін Қа­­ракеткен ауылындағы 7 жыл­дық мектепті жақсы аяқтап, 1947-1950 жылдары әскер қата­рында болған. 1951-1956 жылдар аралығында Қызылорда қа­ла­сындағы Н.Гоголь атындағы пе­даго­гикалық институтты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алған. Әуелі Далдабай ауылындағы №115 орта мектепте, кейін Қара­кет­кен ауылындағы №114 орта мек­тебінде зейнеткерлікке шық­қанша мұғалім болып жұмыс жаса­ған.

– Әкеміз бізді бала күнімізден еңбек­ке баулып, бойымызға адам­гершілік, ең­бекқорлық сын­ды асыл қасиеттерді сі­ңіріп өсір­ді. Бізге «ешкімнің ала жібін ат­тамаң­дар, не тапсаңдар да адал ең­бек­пен табыңдар» деп үнемі айтып отыратын. Орыс тілі пәні­нің мұғалімі болып, ауыл балаларын білімге баулыды. Оның шәкірт жүрегінен өшпес орын алғанына бүгінгі шараға келген аға-апаларымыз дәлел, – дейді Қуандық Меңбаев.

Аудандық ардагерлер кеңесі­нің тө­рағасы Садық Әлиев жаңа сыныптың ашылу құрметіне орай мектеп директо­рына «Шежі­ре­лі Жалағаш» кітабын сый­ға тарт­ты. Мұнан кейін бастауыш сы­­ныптың лентасы қиылып, ақ­сақалдар ақ батасын берді. Ардагер ұстаздың баласы Қуандық Меңбаев кабинетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтап, оқушылардың сапалы білім алуына қо­лайлы жағдай жасаған. Сондай-ақ сынып алдында ұс­таз­дың өмірбаяны мен же­тістіктерін таныстыратын бұрыш та ұйым­дастырылған. Ардагер ұстаз атын­­­­дағы кабинетте бүгінде 2-сы­­нып­тың оқушылары білім алу­да. Олар шара барысында Қуан­­дық Мең­баевқа алғыстарын жау­дырды.

Мектеп директоры Ерболат Наурыз­баев жаңа оқу жылын 224 оқушы­мен бас­тағанын айтты. Оның 24-і – мектеп та­бал­­дырығын алғаш аттаған бүл­дір­­шіндер. Биыл 9-шы рет біті­ру­ші түлектер ҰБТ-ға 100 пайыз қа­тысқалы отыр. Былтыр мектеп бітірген 13 түлектің 1-еуі «Ал­тын белгі», 4-еуі «Үздік ат­тес­татқа» үміткер атанған.

– ҰБТ қорытындысы бойынша ауданда алғаш­қы үштік­тің қатарындамыз. Шүкір, түлекте­ріміздің барлығы жыл сайын мемлекеттік грант иегері атануда. Бұл үрдіс жалғасады деп сенеміз, – дейді мектеп директоры.

Іс-шара барысында ардагер ұстаз Мәлік Меңбаевті еске алуға арналған оқушылар арасында шағын футболдан аймақтық турнир өтті.

«СБ» ақпарат