«Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы ұсталды

252

0

Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында субсидияларды алу кезінде деректерді бұрмалау фактілерін анықтау кезінде «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы А. Садырбаевтың аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкереленді.

Ол Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрған. Негізгі мақсат – ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жем-шөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылған. Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер берілген. Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған.

А.Садырбаев ұсталды. Ал оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<