Жосалы кентіндегі Қ.Наметша атындағы көшесінде келеміз. Әлдебір тарсылдаған дыбыс шығады. Жүрген сайын жаңағы дыбыс күшейе түсті. Бірнеше адам кеукеулесіп тұрған үйдің жанына аяңдағанда «Бұл Шөмекей ұстаның үйі болды ғой» деді темірді ұрғанынан-ақ таныған Қазбек аға.
«Ұсталық – Алла сыйлаған құдіретті өнер. Ұстаханасынан дыбыс шығып тұрады» дегенді бала кездеестуші едік. Сірә, бұл тегін айтылмаған болар. Ақжарда туып-өскен ұста Кәрібай Кенжебаевтың есімі ауданға белгілі. Ол сол кездегі кеңшар шаруашылығына қажетті техниканың бәрін өзі құрастырған деседі.
Әсіресе комбайндары жақсы жұмыс істейтін көрінеді. Ер-тұрман, шаңырақ, уық та жасаған. Алтын менкүмісті балқытып құйған зергерлік бұйымдары сол кездері тапсырыс бергендердіңқолында әлі бар. Үш ұлының ішінде бала шағынан әкенің ұстаханасынан шықпай, әршаруаның шалғайына оралып, құлық танытқаны осы Шөмекей ғана. Әкесімен біргеұстаханаға бас сұққаннан қас қарайғанда ғана шығатын көрінеді. Арада жартығасырдан көп уақыт өтсе де әке пайдаланған құрал-сайманның бәрі сақтаулы.Шөмекей ағаның ең қымбат мүлкі де солар. Әлдебір дүниені істеуге енжарлық танытса, ұстаханадан темірді қатты-қатты соққан дыбыс шығады. «Бұл әке ісін аяқсыз қалдырмаңдар деген белгі деп ұғамын», – дейді шебердің өзі.
Аула ішіне қарай беталсаң қарсы алдыңдағы ұстахана көзге бірден түседі. Көріктегі көмірбықсымайды, қоздап жанбайды, қызара бөртіп қана тұр. Шөмекей ұста бүгін детаңғы тіршілігін осында бастағаны анық. Бізді көре салып көріктің көмейініңжан-жағын тиянақтай ысырып, қоламтасын көсеп, жымиып қана күлді. Бар ынтасыменістеп жатқан жұмысын бөліп жібердік-ау. Сәл абдырап өзін қайта жинап алды даүйге кіріңдер деп, екі қолын тазартпақ болғандай көйлегіне ысқылай берді.Ұстахана алдындағы көлеңкеге жайғасып, әңгіме өрбіттік.
Қолынан іс келмейтінадамдар заттың да, оттың да, шоттың да қадірін білмейтіні анық. Шөмекей Кенжебаев – осы үшеуінің де қадірін біліп, одан үйлестіріп алуан түрлікәдесыйлар, басқа да дүниелер жасап жүрген хас шебердің өзі. Оның жасаған балға, балта, кетпен, күрек, қалағы сол маңдағы үйлердің бәрінен табылады.Тоқшәйнек, самаурын жөндейтіні бір бөлек. Істен шыққан көліктерді қайтақалыпқа келтіреді. Жасаған болаттай берік темір есік пен дарбаза, шарбақтары өзалдына. Қолынан келмейтін іс бар ма екен деп ойланып қаласың.
Ол еңбекке ерте араласыпты. 8-сыныптан кетпен арқалап кеңшар жұмысына кіріскен. «ПЧ»мекемесінде де ұзақ жыл ұста болып жұмыс істепті. Зейнет демалысына шыққанынакөп болған жоқ. 6 баланың әкесі. Бес ұлы да дәнекерлеу ісінің шебері. Бәрі деосы мамандықты кәсіп етеді. Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Абдулласы өзінетартқан. Қолынан келмейтіні жоқ. Темірден түйін түю – екінің біріне бұйырмайтын бақ. «Әкеден кейін менде ғана осы қасиет болса, менің де бір ғанаұлыма дарыды. Киелі өнер ғой бұл» деді ол.
Темірден түйген түйержандарды «Тәңірдің өзі жіберген іс істеуші адамдар» деп халық бекер айтпаған. Аса құрмет тұтқан бұрыннан. Темірші ұсталар өз ісіне кірісер алдында руханитазалыққа мән берген.
Иә, Шөмекей Кенжебаев – ұста ұрпағы. Оның ұлттың жойылып бара жатқан дәстүрлі қолданбалы өнерін жоғалтпай, қайта жаңғыртқан еңбегіне әлі талай ұрпақ тәнті болатыны сөзсіз. Себебі шешеннен сөз, шеберден із қалады.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<