Шегірткеге қарсы күрес барысы талқыланды

240

0

Фото: облыс әкімдігі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен жауапты сала басшылары қатысты.

Басқосуда Ақтөбе және Қызыл­орда облыстарының шегірткеге қар­сы күрес жүргізу барысы тал­қыла­нып, облыс әкімінің орын­басары Бахыт Жаханов атқарылған жұ­мыс­тар мен алдағы міндеттерді баяндады.

– Былтырғы зерттеу жұмыста­ры нәтижесімен облыс бойынша 115418 гектарға фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу жоспарланған. Оның ішінде италиялық прусқа қарсы 24702 гектарды, азиялық шегірткеге қарсы 35322 гектарды, саяқ шегірткеге қарсы 55394 гектарды қамту межеленген.

Ерекше қауіпті шегірткеге қар­сы өңделуі тиіс 60 024 гектардың 33476 гектары аса жеңіл ұшақпен, 15434 гектары ұшақпен, 7152 гектары жер агрегатымен, 3962 гектары дронмен республикалық бюджет есебінен атқарылуда.

Ел аумағында рұқсат етілген «Ацет» және «Карат Супер 100» инсектицидтері қолданылуда.

Италиялық прусқа қарсы 448,3 мың гектар жер зерттеліп, экономикалық зиянды шегінен асқан 19 мың гектардың 12,2 мың гектары өңделді.

Ал азиялық шегірткеге қарсы 58,8 мың гектар зерттеліп, 3,2 мың гектар залалданғаны белгілі болды. Экономикалық зиянды шегінен асқаны – 2,5 мың гектар, өңделгені – 1,0 мың гектар.

Арал ауданында италиялық прус­қа қарсы 124,6 мың гектар жерге мониторинг жүргізіліп, эко­но­микалық зиянды шегінен асқан 11 мың гектарына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Саяқ шегірткеге қарсы күреске 12 арнайы жер агрегатын және 3 әуе ұшағын қатыстыру жоспарланып, барлығы облысқа жеткізілді.

Химиялық өңдеу жұмыстары 6 арнайы жер агрегаты және 1 ұшақпен атқарылуда.

Арал ауданында анықталған эко­номикалық зиянды шегінен асқан 1,5 мың гектар алқап 3 күн ішінде өңделеді.

Алдағы уақытта зиянды және ерекше қауіпті зиянды орга­низмдерге қарсы фито­санитариялық іс-шара­лар мер­зімінде, сапалы және өз деңгейінде жүргізіледі, – деді Б.Жаханов.

Министр жергілікті атқарушы органдар мен облыстық аумақтық инспекцияларға тапсырмалар жүк­теп, алдағы жұмыстарды ай­қын­дады. Облыста шегірткеге қарсы жүргізілетін іс-шаралар жос­парының орындалуы қатаң бақы­лауда болады. Шегіртке тектестерге қарсы күресті уақытылы және сапалы ұйымдастыру үшін зерттеу жүргізіледі. Су көздері анықталып, құдық иелерінен су алу және басқа да ұйымдастыру іс-шараларына жәрдем көрсетіледі. Күтпеген жағдай туындаса, арнайы бүріккіш техникалармен қамтамасыз ету, шегіртке дернәсілдерін жедел химиялық өңдеу тапсырылды.

Еске салайық, ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы хи­мия­лық өңдеу жұмыстарына облыс­та 4 арнайы жер агрегаты, 2 аса жеңіл ұшақ және 1 ұшақ қа­тыстыру бекітілген.

Қазіргі күні 14 арнайы жер агрегаты, 4 ұшақ, 2 аса жеңіл ұшақ, 5 дрон және 45 ранс аппараты іске қосылған.

Бұдан басқа, аудандар мен қалада «2025 жылы Қызыл­орда облысында шегіртке зиян­кестерімен күрес шараларының іс-жоспары» жасалды.

Жол картасына сәйкес, мау­сымдық кезеңде шегіртке зиян­кестерімен күрес шараларын ұйымдастыру-үйлестіруге 4 жұ­мыс­­шы топ жұмылдырылуда.

Өңдеу жүргізілетін әр ауылдық округтен техникалар, зерттеушілер мен жауапты мамандар бекітілді. Жалпы үйірлі шегірткеге қарсы күреске 324 адам қатыстыру жос­парланған. Жергілікті бюджет есебінен маусымдық жұмысқа 230 зерттеуші маман тартылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі