2024 жылдың 15 қыркүйегі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментіне 25 жыл толып отыр.
Айта кетсек, ҚР ҰҚК Төрағасының 1999 жылы 15 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының оңтүстік бағыттағы Мемлекеттік шекарасын нығайту мақсатында және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара кызметінің даму бағдарламасына сай құрылды.
Аймақтағы департамент сол жылдан бастап Өзбекстанмен арадағы шекараны нығайту, елдің саяси жене экономикалық мүдделерін қорғау, заңсыз көшіп – қонудың алдын алу, қазақ еліне қару-жарақ, оқ-дәрі, есірткі мен радиоактивті заттарды заңсыз кіргізбеу міндеттерін мінсіз атқарып келеді.
2020 жылдың 26 наурызында ҚР ҰҚК ШҚ «Оңтүстік» Өңірлік басқармасына қарасты 2019 әскери бөлімі, ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаменті мәртебесі берілді.
Мемлекеттік шекара – мемлекеттіліктің маңызды атрибуты, кез-келген елін қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғашқы шегі, мызғымас тірегі, Тауелсіздігіміздің кепілі. Сондықтан да Отанымыздың шекарасын сенімді күзету және корғау ел қауіпсіздігін сақтаудағы алатын орны ерекше.
Жалпы Шекара қызметінің негізгі бағыттарына ҚР Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау мемлекеттік шекараның белгіленген режимін және өткізу пункттерінің режимін қолдау. Еліміздің мемлекеттік шекарасында қауіпсіздік пен қорғаныс міндеттерін шешуге қатысу болып табылады.
Осы жылдар аралығында Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша тапсырмаларын орындап жүрген әскери қызметшілердің жағдайын жақсарту мақсатында өткізілген шаралар:
2018-2023 жылдар аралығында департаментке қарасты ел шекарасында орналасқан шекара бөлімшелерінің барлығы жаңа модульдік типтегі ғимараттармен салынды. Модульдер заман талаптарына сәйкес жасалынған.
Модульдік типтегі ғимараттар 38 блоктан тұрады. Онда жеке құрамға арналған жатын бөлме, жуынуға арналған орын, дәретхана, қару-жарақ сақтау бөлмесі және басқада лауазымды тұлғаларға арналған канцелярияларды қамтиды. Шекарашыларымыздың сапалы қызмет атқаруларына толыққанды, жайлы жағдай жасалынған.
Әскери қызметшілердің отбасына арналған, сегіз блоктан тұратын үш пәтерлі тұрғын үйлер орнатылған. Пәтердің әрқайсысында жеке ас үй, жатын бөлме және дәретхана мен душ бөлмесімен қамтылған.
Аталған модульдер тұрмысқа және қызметке қажетті жиһаз бен техникалармен жабдықталған. Шекарашыларымыздың қызметтегі тұрмыстық қажеттілігін толық өтейді.
Сондай-ақ, иттерге арналған питомник, әскери мүліктер мен азық-түліктерді сақтауға арналған қоймалар және дербес жанар-жағармай құю станциясы орнатылған.
Қысқасы бөлімшенің шалғайлылығын білдіртпей, шекарашыларымыздың тұрмыстық жағдайларының барлығы жасалған. Бұл ең бірінші кезекте мемлекеттік шекарамызды күзету мен қорғаудағы тапсырмаларды сенімді түрде атқаруға ықпалын тигізеді. Олардың жауынгерлік әзірліктерінің деңгейі ұлғаяды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<