Шиелі ауданында Республика күні кең көлемде атап өтілді

364

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Елордамыз Астана қаласында Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиында Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев, «Парасат» орденімен Шиелі ауданындағы «Арғымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Оразәлі Байділда марапатталды.

Бұл туралы аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ұлттық мерекеге арналған салтанатты іс-шарада арнайы құттықтап, аталған марапаттардың бір азаматқа ғана емес, аймақтағы барша еңбек адамдарына, Сыр еліндегі жасампаз істерге берілген жоғары баға екенін атап өтті.

Қазақтың батыр қызы атанған Социалистік Еңбек Ері атағын Жадыра Таспанбетова апамыздан кейін араға 42 жыл салып ғылым саласы бойынша Асқар Жұмаділдаев ағамыз Қазақстанның Еңбек Ері атанып отыр. Бұл ауданымыз үшін үлкен жетістік, зор мәртебе. Баршаңызды Республика күні мерекесімен құттықтай отырып, елімізге жаңару, халқымызға тыныштық, әрбір отбасыға берекелі бірлік, әрбір адамның рухани кемелденуін тілеймін!», – деді аудан әкімі.

Мұнан соң, айтулы мереке қарсаңында орын алған айшықты оқиғаларға тоқталып, белсенді қоғамдық қызметі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі үшін бірқатар азаматқа «Құрмет» грамотасын, мерейтойлық медальдар және аймақ басшысының, аудан әкімінің алғыстарын табыстады.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<