Шымбұлаққа жыл сайын 1,5 миллион адам келеді, бұл курорттың сыйымдылығынан үш есе көп.
Бір турист түскі ас, толық жабдық, нұсқаушы қызметі және кіру билетін қосқанда, бір келуге орташа есеппен 60-70 мың теңге жұмсайды. Мейрамханалардағы орташа баға 10-15 мың теңге, құрал-жабдықтарды жалға алу 10 мың теңге, кіру билеті 17500 теңге, нұсқаушы қызметі 22 мың теңге.
Жыл сайын Жаңа жыл алдында жоғары маусым басталады. Осы кезеңде (1 қаңтардан 12 қаңтарға дейін) курорт қызметкерлерінің айтуынша, аспалы жолдарда, мейрамханаларда және автотұрақтарда ине шаншар орын болмайды. Қонақтар ағынын жеңілдету үшін осы кезеңде шаңғы трассасының құны 20 000 теңгеге дейін көтеріледі. Бұдан кейін, 13 қаңтардан бастап баға бұрынғы деңгейге – 17 500 теңгеге (негізгі маусым) түседі.
– Бізде жаңадан келгендерге бөлек тариф бар. Оның құны – 6 500 теңге. Жаңадан бастаушыларға өздерін және басқаларды қорғау үшін қолжетімді «жылан» және «ақ аю» соқпақтарында жаттығудан өтуді ұсынамыз, – деді курорт өкілі Арина Мальковская.
Бұған дейін Шымбұлаққа билет бағасының қымбаттауы алматылықтардың наразылығын тудырған болатын.
Одан кейін тау шаңғысы курортының әкімшілігі өзгерістерді тау бөктеріндегі жүктемені реттеу, инфрақұрылымды жақсарту және еңістерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты екенін түсіндірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<