Синоптиктер маусым айына болжам жасады

500

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Маусым айындағы ауаның орташа айлық температурасы +26,9, +28,9 градус болады деп күтілуде. Бұл нормадан 1 градус жоғары болмақ. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазгидромет РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының метеоболжау бөлімінің инженері Мағжан Сәдуақасов маусым айындағы ауа райы болжамымен бөлісті.

– Маусымның алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде +14+19 градустан +22, +27 градусқа дейін, ал күндіз +30, +35 градустан +38, +43 градусқа дейін жоғарылайды деп күтіледі. Екінші онкүндікте ауа температурасының түнде +22,+27-ден +15+20 градусқа дейін, күндіз +38, +43 градустан +30+35-ке дейін ауытқуы болжанады. Онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендейді деп күтіледі. Ал, үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде +15, +20 градус болса, күндіз +30+35 градусқа дейін төмендемек. Сондай-ақ, бірінші және үшінші онкүндіктің соңында өткінші жаңбыр жауып мен найзағай болады деп болжанған. Алғашқы онкүндіктің соңы мен екінші онкүндіктің басында шаңды дауыл болып, 15-20 м/с жел күтілуде, – деді Мағжан Ғалымұлы

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<