Спорт: Қызылорданың қарымы

261

0

Фото: Облыс әкімдігі

Кеше ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен футбол клубтарын коммерцияландыру мәселелері талқыланған мәжіліс өтті.

Мемлекет басшысы «Бурабайда» өткен Ұлттық құрылтай отыры­сында елімізде футболды дамытуға қатысты нақты тапсырма берді.

Қазіргі таңда Сыр өңірінде тап­сырмаға сәйкес тиісті жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, биыл елімізде алғашқы болып «Қайсар» фут­бол клубы легионерсіз, жер­гілікті және отандық фут­бол­шылармен жаңа маусымды бас­тады. Клубта 600-ге жуық спортшы бар, жергілікті бюджеттен қар­жыландырылуда.

Спорт: Қызылорданың қарымы

Бұдан бөлек, аймақта спорт са­ла­сында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық  «Ор­та­лық стадион» салынуда. Ны­сан жа­қында ел игілігіне табыс­талады.

Өткен жылы қазан айында Қы­зылорда қаласында «Үстел тен­нисі» орталығы пайдалануға бе­рілді. «Қызылорда Арена», денешынықтыру-сауықтыру кешен­дерінің құрылыстары жүргізілуде. Соңғы үш жылда облыста  19 спорт кешені салынып, іске қосылған.