Сұйытылған газ: Бақылау күшейді

155

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен сұйытылған газ мәселесі талқыланған жедел мәжіліс өтті.

Жиынға қала және аудан әкімдері, жетекші салалардың өкілдері қатысып, сұйытылған мұнай газымен тұрақты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма жүктелді.

– Облыс аумағындағы барлық операторлардың газ қорына мони­торинг жүргізіп, қолдан тапшылықты болдырмау үшін талон арқылы сату және баға саясатына зерделеу жүр­гізіңіздер. Заңнама талаптары бұзылған жағдайда нақты шаралар қабыл­даңыздар.

Полиция департаменті, облысқа бөлінген газдың басқа өңірлерге тасымалдануын болдырмау үшін шекараларға тәулік бойы кезекшілік орнатып, бақылауды күшейтіңіздер.

Біздің өңірге бекітілген сұйытылған газ басқа облыстарға кетпеуі тиіс. Бір күннің ішінде халықты газбен толық қамту мәселесін шешуді тапсырамын, – деді Данияр Еренғалиұлы.

Сонымен қатар, газды ком­мерциялық нысандарға сатпай, бірінші кезекте халықтың сұранысын қамта­масыз ету міндеті жүктелді.